Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мұнай өндірісін азайтады

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқартуға келісті. Бұл жөніндегі келіссөздер 10 сағатқа созылып, бейсенбіден жұмаға дейін жалғасты

Тарихи мәмілеге тақтатас революциясының арқасында әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің біріне айналған АҚШ елі алғаш рет қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

- 2020 жылдың 1 мамырынан бастап ОПЕК+ мүше елдер мұнай өндіруді тәулігіне шамамен 10 млн баррельге төмендету бойынша тарихи мәміле жасағаны туралы хабарлаймыз, - деп жазды Кувейттің мұнай министрі Халед аль-Фадыль Twitterдегі парақшасында.

Бейсенбі күнгі келіссөздер барысында өндірісті қысқарту жөнінде Сауд Арабиясы мен Ресей келісті.

Бұл елдердің әрқайсысы мұнай өндіруді 2020 жылдың мамыр және маусым айларында тәулігіне 2,5 млн баррельге азайтады. Кейін шектеулер біртіндеп әлсіреуі тиіс. Дегенмен, бейсенбі күні келісім жасалмады. Себебі Мексикаға өндірісті тәулігіне 400 мың баррельге азайту ұсынылды. Ал бұл ел мұнай өндірісін күніне 100 мың баррельге ғана қысқартуға дайын еді. Келіссөзге АҚШ президенті Дональд Трамп араласып, АҚШ өндірісті тәулігіне 250 мың баррельге азайтатынын мәлімдеді. Бұл, Мексика позициясының орнын толтыруы тиіс.



Мұнай өндіруші елдер жаңа қысқартулар есебінен қара алтын бағасын күрт өсіруге үмітті. Келіссөздер коронавирус пандемиясына байланысты телеконференция режимінде қашықтан өтті.

Бұл келісім мұнай өндіруші елдер арасындағы көптеген айға жалғасқан келіспеушіліктерді тоқтатуы тиіс.Наурыздың басында олар ОПЕК+ аясында өндірісті қысқарту туралы келісімге келе алмады, салдарынан шикізат бағасы күрт төмендеген болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан өз кезегінде ОПЕК+ келісіміне қатысты консенсусты қолдады.

- ОПЕК+ мүше және мүше емес мемлекеттердің министрлер вебинары нәтижесінде мұнай өндіру көлемін 1 мамырдан бастап, екі айға тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқарту жөнінде келісімге қол қойылды, - делінген ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінде.
Следующая →