Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Кәсіпкерлерді салықтан босатты

Бұл жаңалық 1,2 млн қазақстандыққа қатысты, осылайша кәсіпкерлер үш жыл ішінде 380 млн теңге үнемдеп қалады

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылған тұлғалар, сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеушілердің табысы салық төлеуден босатылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі мамандардың пайымынша, осылайша шағын кәсіп иелері салыққа төлейтін қаржыға өз бизнестерін дамыта алады.

Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшерінен (79,5 млн теңге) аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 100 адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 000 еселенген мөлшерінен (795 млн теңге) аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. 

Жоғарыда аталған тұлғалар төлеуге жататын салық түрлерін 100 пайызға төмендетуге құқылы:

1) корпоративті (жеке) табыс салығы сомасын (төлем көзінен ұсталатынынан басқа);

2) әлеуметтік салық сомасын (жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданушылар үшін ғана);

3) бірыңғай жер салығы сомасын.

Осы ретте жоғарыда аталған тұлғалар табыстан салықты есептеуден және мемлекеттік кірістер органдарына салықтық есептілікті тапсырудан босатылмайды.


Следующая →