Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы жақсы хабар жария етті
Қазақстанда екі жыл ішінде ақбөкендер саны бір жарым есеге артып, 334 мың басқа жеткен
- Сіздерге жақсы хабар жеткізгым келеді. 2019 жылғы әуеден жүргізілетін тіркеу кезінде Қазақстандағы ақбөкендердің жалпы саны 334 мың басқа жетті. Соның ішінде батпақдала популяциясы 111 500 бас, Орал популяциясы 217 000 бас, Үстірт популяциясы 5 900 бас деп жазды, - өзінің Facebook-тегі парақшасында Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Ақбөкендер Қазақстан аумағында жоғалып бара ажтқан жануарлар қатарында және Қызыл кітапқа енгізілген. Ел заңнамасына сәйкес, ақбөкендерді атып, заңсыз сату әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейді.