Өскеменде Қазақстан полициясы күнін атап өтті
Тәртіп сақшыларын құттықтауға арналған салтанатты шараға қала басшылығы, ІІМ ардагерлері, туысатры мен жақындары жиналды
23 маусым күні бүкіл Қазақстанда полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Бүл күні "Ертіс концерт" орталық мәдениет сарайында ине шаншар жер болмады. Кештің шымылдығы әнұранмен түріліп, ары қарай тәртіп сақшыларының қиындық пен қызыққа толы қызметінен бейнеүзік ұсынылды.
- Өз өмірін осы іске арнаған әр азамат мақтау мен құрметке лайық, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. - Тұрғындардың тыныштығы мен өмірін қорғау міндеті арқаларыңызға жүктелген. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, біліктіліктеріңіз, мықты азаматтық ұстаным мен ерліктеріңіздің арқасында халық тыныш. Бұл күні қызметкерлер мен ардагерлерді шын жүректен мерекелерімен құттықтаймын. Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елдің гүлденуі жолында бастаған барлық бастамаларыңызға береке тілеймін!
Бұл күні қызметін адал атқарып, жақсы нәтижелерге жеткен бес қызметкерге "Мінсіз қызметі үшін" медальдары табысталды. Сонымен қатар, азаматтардың өмірін құтқарып, аса ауыр қылмысты әшкерелеген полиция қызметкерлерінің ерлігі де ескерусіз қалмады.
Полиция басқармасы басшысының бұйрығымен 235 қызметкер марапатталды. Оның 215-і жалпы көлемі 10 млн теңге ақшалай сыйақыға ие болды.
Следующая →