Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі төмендеді

Базалық мөлшерлеме елдегі инфляцияға, екінші деңгейлі банктердегі жеке және заңды тұлғаларға арналған несие мен депозиттердің пайыздық мөлшерлемесіне әсер етеді

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 9 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты.

Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлеме де тиісінше 10 пайызға және 8 пайызға дейін төмендетілді. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев телевизиялық БАҚ үшін арналған брифингтің барысында айтып берді.

- Ол базалық мөлшерлеме - ақша-кредит саясатының негізгі құралы деп атап өтті. Ол орта мерзімді кезеңде инфляцияның нысаналы бағдарына жетуге мүмкіндік беретін деңгейде белгіленеді. "Біздің бағалауымыз бойынша базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі инфляцияны 2019-2020 жылдарға белгіленген 4-6 пайыздық дәліз шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы қолданыстағы ақша-несие талаптары бейтарап деңгейде қалуда екенін атап өтті. Жуырдағы екі жылда бұл экономиканы салқындату тәуекелдерін тартуы мүмкін қатаң шараларды қабылдауды болдырмауға мүмкіндік береді және экономикалық өсу қарқындарын қолдауға барынша ықпал ететін болады.

- Біз базалық мөлшерлеменің кредиттеуге оң ықпалын байқап отырмыз. Өткен жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеменің 10,25 пайыздан 9,25 пайызға дейін төмендеуі банк секторындағы қарыз алу мөлшерлемелерін төмендетуге ықпал етті, - деді Ерболат Досаев.

Следующая →