Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    -3°
$
521.81
543.67
¥
71.49
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда өткен жылдың инфляция деңгейі белгілі болды

2018 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 5,3%-ды құрады

Былтыр азық-түлік тауарлардың бағасы 5,1%-ға дейін қымбаттап, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,4%-ға, қызмет құны 4,5%-ға өскен.

ҚР Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан (2018 ж желтоқсан 2017 ж желтоқсанға) бағаның өсуі қырыққабатқа - 31%, қантқа - 20,9%, мәйекті ірімшікке - 11,9%, құс етіне - 10,4%, консервіленген сүтке - 10,3%, сары майға - 10,1%, жылқы етіне - 9,6%, жаңа сауылған сүтке - 7,8%, күнбағыс майына - 7,4%, шұжық өнімдеріне - 7,2%, қышқыл сүт өнімдеріне - 7%, ет өнімдеріне - 6,9%-ға, шошқа етіне, сиыр етіне - 6,7%-дан, кондитерлік өнімдерге 6,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі картопқа - 26,7%, қарақұмық жармасына - 21,6%, басты пиязға - 18,4%, сәбізге 16,3%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге - 8,5%, құрылыс материалдарына - 8,1%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға - 7,8%-дан, тоқыма бұйымдарына - 7,7%, жеке қолданатын тауарларға - 6,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 6,6%, кеңсе тауарларына - 5,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 5,4%-ды құрады. Дизель отыны - 29,6%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,8%-ға арзандады.

Следующая →