Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

4 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен түндегі БАҚ назарына іліккен саясат пен экономика, өзге де салалардағы маңызды оқиғаларға шолу жасады

Екі бельгиялық компанияға Сирияға химиялық заттар жеткізді деген айып тағылды

Антверпендегі бельгиялық екі компания басшыларына химиялық қару жасау үшін қолданылуы мүмкін химиялық заттарды Сирияға экспорттады деген айып тағылды, деп хабарлайдыНовости РИА  сайты.

Көктемде Белгия кедені Антверпеннің үш компаниясына талап қойған болатын, ол 2014 және 2016 жылдар аралығында қолданыстағы шектеулерді бұзып Сирияға жүздеген тонна өнеркәсіптік химиялық заттар экспорттаған.

Айыптаушы тарап Антверпендегі қылмыстық сотқа компанияларға 1,25 миллион еуро ауыппұл салуды талап ететін шағым түсірді. Ал олардыңбасшыларына 4 және 18 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Айыпталушы тараптың адвокаттарының айтуынша, басшылар «ақтау актісін» талап етіп, «қате әрекеттер» қайта шағымдануды талап ететін арнайы талаптар туралы білмеді. Олар сондай-ақ, кедендік жұмыстардағы кемшіліктерді атап көрсетеді. Шешім қаңтар айының соңында шығады.

Химиялық қарудың қорлары Сириядан сәтті шығарылды, 2016 жылдың қаңтарында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым елдің химиялық арсеналын толық жою туралы жариялаған.

Трамптың импичмент үрдісі АҚШ-та іске қосылуы мүмкін

Калифорния штатының өкілі демократиялық конгрессмен Брэд Шерман Конгрестің бірінші күнінде президент Дональд Трамптың импичмент үрдісіне рұқсат сұрап, өкілдер палатасына ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ROSBALT.

Шерманның айтуынша, бұл себеп Трамппен және оның сайлау науқаны мүшелерімен байланысты Ресеймен қарым-қатынастарды тергеу барысында бұрынғы ФТБ-ның басшысы Джеймс Комидің қызметінен босату кезінде әділеттілікке кедергі келтіруге әрекет болды.

- Конгресске импичмент туралы мәселені қарамауға себеп жоқ. Ақ үйден кету ел үшін игілік болатынын, Дональд Трамп күн сайын көрсетеді, - дейді конгрессмен.

Сириядан АҚШ әскерлерін шығару басталды

АҚШ әскерін Сириядан әкету процесін бастады, деп хабарлайды Korrespondent.net. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді.

- Біздің әскерлеріміз шығып жатыр, - деді ол.

Бұған дейін Трамптың Сириядан АҚШ әскерлерінің шығарылуын бәсеңдетуге келіскені туралы хабарланған.

19 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы ИГИЛ-ді жеңгені туралы жариялаған. Сол күні Ақ үй АҚШ әскерлерін елден шығару туралы мәлімдеді.

Иесі жолдың ортасында тастап кеткен ит танымал болды

Ұлыбританияда мейірімсіз адам ешкім жоқ кезде тас жолда итті қалдырып кеткен. Ал бұл камераға түсіп қалған. Бұл туралы MIR24 хабарлайды. Әлеуметтік желіге жарияланған видео үйсіз жануарларға арналған баспана қызметкерлерінің назарына іліккен.

Кадрдан иттің не болғанын түсінбей, машинаға қайта барып, жүгіріп жүргенін байқайсыздар. Милиондаған адам итке аяушылық сезімдерін білдірді.

Нәтижесінде ит үйсіз жануарларға арналған баспанаға келді, оған Снуп деген есім берілді. Ит шынымен атақты болды. Жүздеген адамдар итті асырап алуға ниет білдірген.

Жаңа иелері Снупты әлі ала алған жоқ. Қазіргі уақытта баспана қызметкерлері итті медициналық тексеруден өткізуде.



Следующая →