Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Депутаттар ҚР Ұлттық банкіне теңге бағамын белгілеп қоюды ұсынды

Ұлттық банк басшысы ақша-несие саясатын қайта қарауға ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов теңгенің бекітілген бағамына қайта оралуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілісмен Аманжан Жамаловтың айтуынша, теңге бағамын қолдау үшін 5-7 қыркүйек аралығында ұлттық банк 520 миллион доллар сатқан. Бұл барлық сауда көлемінің 80 проценті. Алайда осыдан кейін теңге бағамы одан әрі құлдырап кетті.

- Егер 4 қыркүйекте теңге 365 теңгеден сатылса, 12 қыркүйекте 380 теңгеге жетті. Осы орайда мынадай сұрақ туындайды: кім нарықтағы ахуалды пайдаланып, барлық валютаны сатып алды? Халық емес екені анық, – деді депутат.

Айтуынша, қазір теңге бағамы іргелі факторларға емес, екі ірі ойыншы – Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектордың әрекеттеріне тәуелді болып жүр.

Алайда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев халық қалаулысымен келіскен жоқ. Оның пікірінше, валюта дәлізіне оралу қымбатқа түседі. Оның үстіне, қазір теңге бағамының құбылмалығына тосқауыл қоюға қажеттілік жоқ, бұл объективті шынайылық.

- Қазақстан – экономикасы ашық мемлекет, ЕАЭО-ның мүшесі, біздің елдер арасында тауарлар мен қызеттердің, капиталдың қозғалысына сауда шектеуі жоқ. Тиісінше, біз серіктес елдердегі ахуалға тәуелді боламыз. Егер ол елдерде ахуал нашарласа, бұл Қазақстан экономикасына да, теңгенің айырбас бағамына да әсерін тигізетіні анық, – деді ол.

Следующая →