Қазақстанда жанармай қымбаттауы мүмкін
Көршілес Ресейде жанар-жағармай қымбаттауда, оның салдары Қазақстанға да тиюі мүмкін
Ресей 2019 жылдың басында бензин мен дизель салығын бір жарым есе көтермек. Жергілікті сарапшылар бұл жанармай бағасының қымбаттауына алып келеді деп күтуде, деп хабарлайды Stan.kz сайты 31 арнаға сілтеме жасап.
Бүгінде Ресейде 1 литр бензиннің бағасы 44 рубль немесе 250 теңгені құрайды. Қазақстанда бензин арзанырақ, литрінің бағасы шамамен 100 теңге тұрады. Егер келесі жылдың басынан көршілес мемлекетте бензин бағасы қымбаттаса, сонымен қатар таяуда Қазақстанның жанармайды сыртқа шығару туралы келісімге қол қойғанын ескерсек, нәтижесінде Ресейге жанармай көптеп тасымалданып, біздің елде бензин тапшылығы болуы мүмкін.
- Ал бізде тапшылық бір жолмен шешіледі. Яғни, тапшылық тудырған тауардың бағасы қымбаттайды. Әсіресе, бұл жанармайға қатысты болғанда. Десе де қаншалықты қымбаттайтынын айту қиын, – дейді мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов.
Десе де кеше Энергетика министрлігіндегілер жанармай нарығындағы ахуал тұрақты және әзірге жанармай тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. Қоймадағы жанармай қоры кемінде 17 күнге жететін көрінеді.