Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда 2019 жылдан бастап зейнетақы көбеюі мүмкін

2019 жылдың басында ынтымақты зейнетақының индексациясы жүргізіледі. Сәйкесінше оның мөлшері өседі

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр зейнетақы индексациясы елімізде әр жыл сайын жылдың басында жүргізілетінін айтты.

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен зейнетақы инфляция деңгейінен 2 процентке артық көрсеткішпен индекстеледі. Биыл біз индексацияны 9%-пен жүргіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейіне тағы 2% қосып, индексация жүргіземіз, - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы Қазақстанда зейнетақы ТМД елдеріне қарағанда едәуір жоғары екенін атап өтті.

- Қазір Қазақстанда зейнетақы мөлшері барлық көршілес, ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны есепке алғанда) 101 мың теңгені құрайды, - деді ол.

Следующая →