Ресей Солтүстік Қазақстаннан құс етін тасымалдауға уақытша шектеу қойды
26 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстаннан Ресейге құс етін тасымалдауға уақытша шектеу қойылмақ
Россельхознадзордың мұндай шешім шығаруына Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданы аумағынан Ньюкасла ауруының белгілері табылуы себеп болған.
Сонымен қатар, жұмыртқа мен құс жемін де, тірі құстарды да тасымалдауға тыйым салынып отыр.
Ал бұған дейін Россельхознадзор 1 қазаннан бастап Қазақстаннан келетін барлық ауыл шаруашылық өнімдеріне тыйым салатындығын хабарлаған. Өйткені Қазақстан компаниялары Ресейге ет тасымалдау нормалары мен графиктерін орындамаған.