Астана банкі лицензиясынан айырылды
Қазақстан ұлттық банк басқармасы Астана банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензиясынан айырды
19 қыркүйектен бастап банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Бұған Астана банкінің төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде және пруденциялық нормативтерді бұзғаны себеп болған. Тиісті қаулы кеше қабылданды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір банкті тарату комиссиясы құрылғанға дейін уақытша әкімшілік тағайындалған.