Қазақстан жолдарын жөндеуге 200 млн доллар бөлінген
Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау үшін биыл мемлекеттік бюджеттен 200 млн доллар қаржы бөлінген
Қазақстанның Инвестиция және даму жөніндегі министрі елдегі жолдың жағдайы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.
Оның сөзіне қарағанда, 1859 жол сервисінің тек 780-ні ғана ұлттық стандартқа сай. Жылдың соңына дейін 70 нысан жөнделіп бітеді.
- Апатты жағдайда тұрған 33 көпір мен 17 жерасты өткелі күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Қарақоға, Ауыл, Оба, Жаңа Жол, Сырым сынды шекара пунктерінің жолдарына да күрделі жөндеу жасалды, - дейді министр Жеңіс Қасымбек.
Биыл елдің 1620 шақырым жолы орташа жөндеуден өткен.