Парижде жеті адамды белгісіз біреу пышақтап кетті
Жексенбі күні кешке Парижде қандықолдың қолынан жарақат алған жеті адамның бесеуі жан сақтау бөлімінде жатыр
Қолына өткір қару ұстаған қылмыскер, алдымен, көшеде кетіп бара жатқан ер мен әйелді пышақтап тастап, куәгерлер көріп қойғандықтан, қашып құтылған. Кейін Британиядан келген екі туристті тағы пышақтап кеткен.
Алдын ала деректерге қарағанда, Париждің қылмыскерлерге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап алған. Ол Ауғаныстаннан келген азамат екен. Полицейлердің хабарлауынша, оқиғаның лаңкестікке қатысы жоқ.