Антиресейлік санкциялар Қазақстанда бағаның көтерілуіне әсер етуі мүмкін
Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жыл басынан бергі инфляцияның деңгейі жайлы айтты
Алдағы екі жылда Ресейге қарсы қойылған сакциялар мен ұлттық валютаның құлдырауына байланысты инфляция деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.
Тимур Сүлейменов келтірген мәліметтерге қарағанда, тамыз айында инфляцияның мөлшері 0,2% болған, ал жылдың басынан 2,6% болса, бір жылдың ішінде ол 6%-ға дейін құлдыраған.
Соған байланысты алдағы уақытта Қазақстандағы азық-түлік бағалары әлі де өсуі мүмкін. Жылдың басынан бері азық-түлік тауарлары 2,3%-ға қымбаттаса, азық түлек емес тауарлары 3,6% қымбаттаған.