Қазақстандық екі банк лицензиясынан айырылды
Қазақстанның Ұлттық банкі Qazaq Banki мен "Эксимбанк Қазақстанды" банктік үрдістер жүргізу құқығынан айырды
Қаулы 2018 жылдың 27 тамызында қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Бұған келісімшарттық міндеттемелерді орындау кезінде жүйелі түрде бұзушылықтардың орын алуы, нормалар мен лимиттерді сақтамау себеп болды.
Алайда бұл банктердің құқықтарынан айырылуы басқа қаржылық ұйымдарға кесірін тигізбейді.
Ұлттық банк банктерге уақытша әкімшілік тағайындады. Ол сот таратушы комиссияны тағайындағанша жұмыс істейтін болады.
28 тамыздан бастап екі банкте де банктік есептер бойынша операциялар тоқтатылады.
Бұл банктер жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік жүйесі бар болғандықтан, депозиті барларға бекітілген тәртіпте кепілдеме төленетін болады.