Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде екі көлік өртенді

Өрт Ворошилов көшесі бойындағы тұрақта тұрған көліктің ішінде орын алған, салдарынан көрші тұрған көлік те өртенген

Бүгін түнгі 3.30-да 1996 жылғы ВАЗ-2109 маркалы көлік салонында өрт шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE.

- Көлікте мотор бөлігінің жанатын тетіктері, салонның қаптамасы, аспаптар панелі, артқы дөңгелектер және артқы шамдар өртенген, - деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ. - Орын алған оқиға салдарынан ВАЗ-2109 маркалы көліктің жанындағы 2015 жылғы "Лада Гранта" маркалы көлік те өртенген. Ол көліктің сол жақ шамынының және бампердің жанатын тетіктері өртенген. Сондай-ақ, артқы сол жақ қанатының лак-бояу қаптамасы зақымдалған.

Өрт сөндірушілер алты шаршы метрге шарпыған өртті сөндірген.

Естеріңізге сала кетсек, Өскемен ТЖБ ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан 35 автокөлік өрті тіркелген. Сонымен қатар аталған жағдайларда келтірілгнен залал үшін шығынды сақтандыру қоры қарастырмайды. Сол себепті зақымдалған "Лады Гранта" көлігінің жөндеу жұмыстарына кім қаржы бөлетіндігі де түсініксіз.

Следующая →