ҚР Ауыл шаруалық министрлігі астық бағасы өсуі мүмкін деп болжап отыр
Егін жинау жұмыстарының шығыны көбейген, бұл астық бағасына да әсер етеді
Қазақстанда егін жинау науқаны басталды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.
Мекеменің мәліметтеріне қарағанда, биыл 3 млн гектарға астық егілген, қазір оның 36 пайызы жиналған. Бір гектардан 18,1 центнер астық жиналуда.
- Былтыр астықтың тоннасы 35 мың теңгеден сатылған еді. Биыл үшінші сұрып бидайдың өзі 48-49 мың теңгеден сатылуда. Алдағы уақытта бидай бағасы өседі деген болжам бар, - дейді ҚР Ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеев.
Биыл барлығы 20 млн тонна астық жиналуы мүмкін. Елде астық сақтайтын қамба орындары жеткілікті.