Нидерланды азаматы қала кеңес ғимаратының алдына келіп көлігін соқты
Голландияның Беммель қаласының тұрғыны қала кеңесінің ғимаратына көлігімен келіп соғылды
Автокөлік қозғалтқышы газбен жүреді екен. Қала кеңесінің ғимаратына соғылған көлік жарылып, айнала өртене бастаған.
Жүргізуші қайтыс болды, көлік жанып кетті, ал ғимараттың бір қабырғасы қирады.
Полиция қызметкерлері азаматтың өзі әдейі ғимаратқа барып соғылған деп отыр. Өйткені қала кеңесі ғимараты жанындағы жерлерді айналып өтіп, құрылысқа соғылған.