АҚШ санкциялар қолданған кезде Қазақстанның мүдделерін ескереді
Вашингтон Қазақстанға Ресейге қарсы санкциялар республиканың экономикасына әсер етпейтініне кепілдік береді
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан мен оның америкалық серіктестері жақсы диалог орнатқанын атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
- Олардвң түсінігі мол. Тіпті санкцияларды әзірлеу мен енгізу процесінде олар біздің еліміздің мүдделерін ескеретініне кепілдік берді, - деді министр.
Сонымен бірге, Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып табылатындықтан, ресейлік үкіметтің экономикалық блогымен диалог барысында Ресейдің санкциялары республиканың экономикасына әсер етпеуі үшін Қазақстанның экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету үшін шаралар әзірленуде.