ҚР МҚІСЖҚА жұмыстан шығару арқылы бюджет қаражатын үнемдемек
Мемлекеттік қызметшілер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа жобаның шеңберінде кадрларды қысқартуды өткізді
Агенттікте кадрлық құжаттарды басқару бойынша бірыңғай сервис орталығын енгізу жобасы 147 адамды қысқартты, деп хабарлады Sputnik Kazakhstan.
Бұл қысқарту жалақыға жұмсалатын шығындытөмендетуге байланысты болып отыр. Ол бюджет қаражатын 432 млн. теңгегеүнемдеуге мүмкіндік береді.
- Келесі қадам мемлекеттік сатып алулар мен заң қызметтерін орталықтандыру болып табылады. Мемлекеттік органның бастығы өнімді және адал жұмысқа ынталандыруға бағытталған қосымша ақылар есебінен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін үнемделген қаражатты пайдалануға құқылы, - деді агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.