Қазақстанда азық-түлік қымбаттауда
Мамырдағы мерекелерге орай, жеміс-жидек пен ет пен сүт өнімдері қымбаттады
Сәуір айында орамжапырақтың бағасы 19,2 пайызға, қызылша 2,9 пайызға қымбаттаған. Ал қиярдың бағасы 14 пайызға арзандаған.
Банан бағасы 6,3 пайызға, алма 2,4 пайызға өссе, апельсин 3,8 пайыз түскен. Ал ет өнімдері арасында шұжық 1-2 пайызға, сиыр еті 1 пайызға қымбаттаған.
Ал сүт бір айдың ішінде 2 пайызға, май 1,1 пайызға өскен.