Қазақстанда жаңа салық енгізілмек
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін заңдастыру бойынша заң жобасын әзірлеуде
Аталған салық өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар үшін енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат сайты.
ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шараларын жеңілдетіп, бейресми жұмыспен қамтылған xалықтың қызметін заңдастыру үшін жаңа арнайы салық режімі - бірыңғай жиынтық төлемі болады.
Следующая →

- Ол төрт төлемді біріктіреді. Оған жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жарналар кіретін болады. Бірыңғай жиынтық төлемі автоматты түрде қызметті тіркеуді, медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысуды білдіреді. Бірыңғай жиынтық төлемі ең бірінші жеке тұлғаларға қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылыққа, үй жұмыскерлеріне, сауда нысандарында арнайы орындары жоқ жеке тұлғаларға арналып отыр. Сондай-ақ, бұл төлем жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтындарға таралады, - деді М.Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында.Министрдің айтуынша, жаңа салық режімі жеңілдетілген және патент режімдерімен қатар жұмыс істейтін болады.
Тақырыптар:
В Казахстане введут новый налог Министерство труда и социальной защиты населения РК Законодательство в Казахстане