Өскемендіктер Шығыстық тарихи орындарын қаладан шықпай-ақ көре алады
ШҚО Тарихи-өлкетану мұражайы "Шығыс Қазақстанның тарихи орындарына саяхат" көрмесін ұйымдастырды
Көрмеге келушілерге Белуха тауы, Қоңыр әулие үңгірі, Алакөл көлінтаныстыратын материалдар ұсынылды. Бірегей артефакттар Берел қорғаны, Шілікті қорғандары кешені, Ақбауыр табиғи-тарихи кешенінен сыр шертеді.
Көрме арқылы туған жердің әлі көрмеген, білмейтін шеттерін танып, танысуға болады. Тарихи тұлғалардың тағдырымен танысып, Қазақстан халқының қалыптасу, даму жолындағы олардың үлесі жанынан құнды мағлұматтар алуға мүмкіндік мол.