Қазақстанда тұрғын үй қолжетімді болмақ
Президент Н. Назарбаев ипотека берудің жаңа бағдарламасын іске қосуды ұсынды
Жаңа бағдарлама "7-20-25" деп аталады. Бұған кез келген жұмыс жасаушы азамат қатыса алады. Басты ерекшелігі төленетін қаржының аздығы.
Бағдарлама бойынша ипотека алған азамат несиені 7 пайыздық үстемемен 25 жылға дейін ала алады. Ал бастапқы қаржының 20 пайызы болса болды.
Елбасы өзінің Жолдауында қазақстандықтарға ипотекамен берілетін қолжетімді баспаналардың санын көбейту керектігін айтқан болатын.