Жалақысы төмен қазақстандықтар салықты да аз мөлшерде төлейді
Қазақстан Республикасының Президенті төменгі жалақымен күн көріп жүрген қазақстандықтарды қолдау мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге төмендетуді ұсынды
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында хабарлнғандай, салық салынатын жүктемені жеке табыс салығы бойынша қысқарту - ең төменгі айлық есептік көрсеткіші 25 еседен аспайтын жалақы алатын адамдар үшін болуы тиіс. Сонымен қатар, төмендетуден қалған қаражат тұрғындардың еңбекақыларын ұлғайту үшін қолданылатын болады. Нәтижесінде, елдегі жалақының, кем дегенде, үштен бір бөлігі, яғни, 2 миллионнан астам адамның жұмыс берушілерге жүктемені ұлғайтпай-ақ жалақылары өсуі тиіс.
Алдағы уақытта Үкімет кіріс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерттейтін болады.
Следующая →
Алдағы уақытта Үкімет кіріс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерттейтін болады.