Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда криптовалюталарды пайдалану заңмен реттеледі

Қазақстан сенаторлары криптовалютаны пайдалануды реттеу туралы шешім шығару керектігін үкіметке жеткізді

Сенатор Дулат Құсдәулетов бірқатар депутаттардың атынан премьер министр мен Ұлттық банк басшысына жолданған депутаттық сауалнаманы жоғарғы палатаның пленарлы отырысында оқып шықты.

Сауалнамада криптовалютамен жасалған келісім барысында қазақстандықтардың тәуелсіздігі мен мүліктік құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, елдің экономикалық және ақпараттық қауіпсіздігіне назар аудару керектігі айтылған.

- Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында криптовалюта айналымын реттейтін құқықтық база жоқ. Ал криатовалюта ресми түрде ақша бірлігі деп мойындалмаған. Алайда елімізде криптовалютаны пайдалануға деген қызығушылық байқалады. Ол қазір инвестициялау құралы және жоғары кіріс алу мақсатында қолданылуда. Қазақстан азаматтарының арасында криптовалютаны азаматтық-құқықтық келісімге пайдалану жағдайы кездесіп жатыр. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлік, автокөлік, өндірістік нысандарды алып-сату, - дейді депутат.

Бірақ криптовалютаның шынайы активтері жоқ. Тұрақты құны жоқ және ақшаны қайтаруға қандай да бір азаматты міндеттемейді. Осылайша, салынған инвестицияның сақталуына кепіл берілмейтіндігін қосты сенатор.

Ел таңдаулысының пікірінше, криптовалюта айналымын құқықтық реттеу болмағандықтан мемлекеттік бақылау мен келісім есебі жүрмейді. Ал оны бақылаусыз пайдалану әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелерге әкеп тіреуі мүмкін.

- Криптовалюта айналымға тыйым салынған немесе шектеу қойылған нысандарға байланысты операциялар жүргізуге қолданылуы мүмкін (мысалы, қару, есірткі, дәрілік заттар және т.б.). Осыған байланысты, криптовалюта айналымы мен оны пайдалану беймәлім қылмыстың өсуіне алып келу қауіпін тудырады, - дейді ол.

Ұлттық банк мамандары кері әсерді сейілту үшін криптовалюталы қаржы пирамидаларының пайда болуына жол бермей, халықтың цифрлі және қаржылық біліктілігін арттырып, бұл саладағы заңды қатаң ету керектігін ұсынды.

 
Следующая →