ШҚО-да зейнеткерді тонаған қыз ұсталды
Аягөз ауданында тұратын 77 жастағы қария үйдің ауласына шығып, сарайға қарай бармақ болған
Сол кезде алдынан шыққан белгісіз біреу оны басынан ұрып талдырып, қалтасындағы 90 мың теңге ақшасын алып кеткен.
Қарт оны басында ер адам деп ойлап қалған. Алайда оның қыз бала екендігі анықталды.
- Қартты тонаған 22 жастағы қыз бала болып шықты. Ол қарттың жалғыз тұратындығын әлі үйінде ақшасы бар екендігін білген. Алайда қылмыс орнында ағаттық жіберіп, қолғабын тастап кеткен, - дейді Аягөз аудандық полиция бөлімі.
Тергеу жұмыстары басталды.