Қазақстан Мьянма мұсылмандарына 500 мың $ көлемінде көмек жасамақ
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкіметтің бұл қаулысына қол қойды
Қаржы мемлекеттің төтенше жағдайлар қорындағы қаражаттан алынып берілмек. Бұл қаржы Бангадешке босып барған Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек ретінде жолданады.
Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қаржыны көрсетілген арнайы есепшотқа заңға сәйкес аударуға тапсырма берілді.
БҰҰ-ның мәліметінше, Мьянмадан Бангадешке 700-800 мыңдай мұсылман рохинджа халқы ауып барған.
Тақырыптар:
Мусульмане-рохинджа Гуманитарная помощь от Казахстана Геноцид мусульман в Мьянме Бакытжан Сагинтаев