"Марс", "Сникерс" пен "Твикстің" қазақстандық үлгілері жасалмақ
«Баян Сұлу» АҚ Тәуелсіздік күніне орай экологиялық таза өнімнен "Марс", "Сникерс" пен "Твикс" жасайтындығын айтады
Бұл өнімдерді жасауға 1,5 млрд теңгеге Түркиядан қондырғы сатып алынған. Қаржыны «Баян Сұлу» несиеге алған. «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде несиенің 10 пайызын кәсіпорын қайтарса, 7 пайызына үкімет кепілдік бермек.
Жаңа қондырғы жылына 5600 тонна экологиялық таза өнім шығара алады. Оның жартысы Қазақстанда сатылса, бір бөлігі шетелге экспортталмақ.