Өскемендегі даңғылдардың біріне Қазыбек би атауы берілмек
ЖМК ауданындағы Карл Маркс даңғылы Қазыбек би атауына ауысуы мүмкін
Қалалық мәслихат депутаттары Карл Маркс көшесін Қазыбек би деп атау жөніндегі ұсынысты қабылдады.
- Облыстық сот қызметкерлері, Ақсақалдар кеңесі және 19-шы шағын ауданның тұрғындары даңғылға «Қазыбек би» атауын беру туралы ұсыныс айтып, қалалық әкімдікке жүгінген. Жұмыс тобы құрылып, құжаттары реттелді, - дейді қалалық мәслихат депутаты Майраш Екібасова.
Дегенмен, ономастикалық атауды беру туралы нақты шешім қабылдана қойған жоқ. Мұны тек республикалық ономастика комиссиясы шешеді.