ҚР Ұлттық банкі күміс қосылған жақұт тиын шығарды
Жаңа тиындардың шығарылуы туралы Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады
Ол 925 сынамалы күмістен жасалған. Тиынды дайындау барысында диаметрі 1 миллиметр болатын жақұт пайдаланылған.
Күміс тиынның бетіне домбыраның бейнесі салынған. Ол алтынмен жалатылған.
Ал реверсте домбырада ойнау үлгісі, тау, ауыл, нота белгісі мен шабандоздар бейнеленген.
Тиын диаметрі 38,31 миллиметр. Ал салмағы – 31,14 грам. Тиын 3 мың дана тиражбен шығады деген болжам бар.