Шығыс Қазақстан өзендері тазармады
Дегенмен «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының деректері бойынша олардың кейбірінде ластану деңгейі төмендеген
Қазгидромет мамандары облыс өзендеріне тексеру жұмыстарын жүргізген. Жыл басынан бері Үлбіде ластанудың 14 жағдайы, Глубочанкада – 18, Красноярда – сегіз, Брексте – жеті, Тихаяда – үш жағдайдан тіркелген.
- Брек, Тихая, Үлбі, Глубочанкада тоғыз ай ішінде жоғары деңгейдегі ластанудың төмендегені байқалған, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы кешенді зерханасының басшысы Татьяна Козлянская. - Красноярка өзенінде өзгеріс жоқ. 2017 жылы өзендерде төтенше ластану жағдайы тіркелмеген.
Дегенмен ең таза су Марқакөл көлінде тіркелген. Ертіс, Үбі, Бұқтырма, Аягөз өзендері шамалы түрде ластанған деп көрсетілген.
Следующая →