Павлодардағы зауыт іске қосылса да, елдегі жанармай бағасы әлі де қымбаттауда
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елде жанармай бағасының төмендейтіндігін айтса да, іс оңға баспай отыр.
Петропавл қаласында АИ-92 жанармайы бірден 6 теңге қымбаттады, деп хабарлайды КТК телеарнасының тілшілері.
Энергетика министрлігі жанармай бағасының қымбаттауына мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге берілуімен байланыстырған болатын. Алайда Павлодар қаласындағы зауыт өңдеу жұмыстарын бастаса да, жанармай бағасы түсудің орнына қайта шарықтап кетті. Тек қараша айының ортасында ғана бензин бағасы тұрақталуы мүмкін.
Әзірше, жанармай құю бекеттері өнімді Ресейден сатып алып отыр. Солтүстік аудандар Ресейден жанармай қорының 90 пайызын сатып алып отырған көрінеді.