Қазақстандағы жалақы өсімі инфляция деңгейінен қалып барады
Қазақстандықтардың шынайы жалақы құны ағымдағы жылы үшінші рет төмендеп отыр.
Ағымдағы жылдың шілде-қыркүйек айлар аралығында жалақының орташа деңгейі 2 пайызға төмендеді, деп хабарлайды finprom сайты. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында ҚР жалақы құнының шынайы төмендеуі 2,9 пайызды, бірінші тоқсанда 2 пайызды құрады.
Орта айлық жалақы деңгейінің номиналы 3 тоқсанда 4,8 пайызға өссе де, елдегі қымбатшылық жылдамдығынан асуға жеткіліксіз. 2017 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция 7,1 пайызға өскен.
Жалдамалы еңбек нарығы тым ақырын өсіп келеді. Еңбек нарығының өсуіне обьективті жайттар кедергі – еңбек көзі 0,7 пайызға, 9 миллион адамға кеміген. Жұмыс бастылардың да жалпы саны 0,7 пайызға төмендеген.