Қазақстанның уран отыны қытайлық АЭС-терге жеткізіледі
Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев уран саласының даму қарқыны туралы айтып өтті
Қазіргі таңда Қазақстан – уран өндіру бойынша жетекші орында, деп хабарлайды «Қазақпарат». «Қазатомпром» Ұлттық компаниясы мен оның еншілес компаниялары әлемдік нарыққа табиғи уранның 40 пайызын тасымалдайды.
- Қазақстанда бірнеше қайтара жасау жолы жоқ болғандықтан ресейлік серіктестіктермен біріккен кәсіпорын ашылды. Ол жерде уранды байыту операцияларын жүргізуге болады. Конверсия бойынша, қытайлық серіктестіктермен жұмыс істеудеміз. 2019 жылы отын өндіру зауытының құрылысы аяқталады. 2019-20 жылдары онымен Қытайдың бес электрстанциялары қамтамасыз етіледі, - дейді Қанат Бозумбаев.
Министрдің айтуынша, уран саласын дамыту бағыты дұрыс жолға қойылған. Қазіргі уақытта Қытай, Араб Эмираттары, Украина және Ресей елдерімен бірлескен жобалар құрылуда.