Қазақстанда жеке меншік түрме салу тиімсіз – ҚР ІІМ
Қазақстан Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қолдау көрсете отырып, жеке меншік иелерінің түзету мекемелерін салуы тиімсіз екендігін айтты
- Жаңа колонияны салу жөніндегі құрылыс жұмыстарын ұлттық экономика министрлігімен бірге ақылдасып шешіп жатырмыз. Алайда жеке меншік капитал негізінде қаржыландырылатын жобаның құны мемлекеттік сараптамадан өтпей қалды, - дейді Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.
Министрдің айтуынша, бұрынғы түзету мекемелері қайта қалпына келтіру қаржы жағынан жеңіл болмақ. Алдағы уақытта әйелдер түрмесі қайта жөндеуден өтпек.
- Қазақстанда балалар үйі бар бір ғана әйелдер түрмесі бар. Онда 25 бала тұрады. Ал қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабы бойынша, ана баласымен бірге өмір сүруі қажет. Бұл қағиданы біз де ұстанамыз. Алайда аумақтың ауданы тар. Барлығын сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама тұрғысынан жөндеуден өтетін түзету мекемелерінің арасында ең бірінші болып әйелдер колониясының қалпына келтірілгенін қалаймыз, - деді министр.
Следующая →