Қазақстанда коммуналды төлем бағалары өседі
Жылдың басынан бері коммуналды қызмет түрлеріне төленетін бағаның көлемі 5 пайызға өскен.
Ranking.kz сайтының мәліметтеріне қарағанда коммуналды төлемдердің ішінде суық судың бағасы көбірек қымбаттаған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 10,5 пайызы жоғарылаған.
Ал жылу беру қызметінің бағасы 3,5 пайызға, электр жарығы 1,2 пайызға қымбаттады.
Алдағы уақытта коммуналды қызметтердің бағасы тағы да көберіледі деп күтілуде.