Солтүстік Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстары басталды
Тау-кен өндірісімен айналысатын австралиялық компания Қазақстанның солтүстігінде геобарлау жұмыстарын бастады.
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданға жұмыс сапары барысында «Iluka Exploration Kazakhstan» ЖШС тау-кен өндiрiсi компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімідігі sko.gov.kz сайты.
«Iluka минералды құмдарды iздеумен және зерттеумен айналысатын трансұлттық компания. Ол әлемдегi цирконий және рутил өндiретiн iрi серiктестiк. Биылғы жылдың жазында бiз кездесiп, өңiрде геобарлау жұмысының жоспарын талқылаған болатынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Компанияның бас директоры Тони Торнтон өңiр басшысына зерттеу қалай жүргiзiлiп жатқанын айтып бердi.
«Қазiр бiз Солтүстiк Қазақстанға жұмылып отырмыз. Қостанай облысындағы жұмысты таяуда ғана аяқтадық. Бiздiң компания минералды құмдарды зерттеудi, жобалар әзiрлеудi, өндiрiстi, маркетингтi жүзеге асырады және жұмыс жүргiзiлген аумақты қалпына келтiредi», — дедi Тони Торнтон.
Облыс әкiмi алғашқы нәтиже қашан белгiлi болатындығына қызығушылық бiлдiрдi. Тони Торнтонның сөзiне қарағанда, нәтиже қысқа қарай белгiлi болмақ. Геобарлау кезiнде минералды құм табылса, сол жерге оны өңдейтiн зауыт салынатын болады.