Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО шенеуніктері ішімдік ішіп, мылтық ұстап суретке түскен

Елде шенеуніктердің әдеп кодексін ұстану деңгейінің қандай дәрежеде екендігін білу мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілген

Мониторинг нәтижесінде шығысқазақстандық шенеуніктердің «тәртібі» мен «өзін-өзі ұстау әдебі» көңілден шықпайтындығы анықталды. Шенеуніктердің көбі жұмыстан тыс уақытта ішімдік ішіп, аң атумен, қымбат көліктер мен сағат-бұйымдарын елге жариялаумен айналысатындығы белгілі болды.

Әлеуметтік желідегі шенеуніктердің аккаундтарын тексеру барысында мемлекеттік қызметкердің әдебіне сай келмейтін 309 дерек табылған. Ал бейәдеп суреттері үшін 51 қызметкерге сөгіс жарияланған.

- Әлеуметтік желілерді тексере келе бізге мемлекеттік қызметкерлер өздерінің бос уақыттарын құр ішімдік ішу мен тойлатуға, өз байлығын көрсетумен айналысатындай кейіп қалдырады, - дейді баяндаушы.

Табиғатты қорғау басқармасының бір басшысы қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың орнына аңшылық кезінде атқан қос қоянды қолына алып суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жүктеп қойған. «Сері басшы» екінші қолына мылтық ұстап алған.

Қаржы саласында жұмыс жасайтын тағы бір басшы қолына доллар купюросы буылған екі бума ақшаны қолына ұстап суретке түскен.

Следующая →