Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада 25 млн еуроға жылыжай кешені салынып жатыр

Биыл 25 млн еуро тұратын жылыжай кешенін салу жобасы басталады

Бұл туралы Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Тадеуш Намедынский Астанадағы Қазақстан – Польша бизнес форумында айтты, деп хабарлайды «Қазақстан-2050» strategy2050.kz сайты.

«Польша қызанақ өсіруден алда келе жатыр. Астана жанынан жылыжай кешені ашылады. Оның Польша тарапы қаржыландырылады. Жобаның құны 25 млн еуроны құрайды. Келісімге қол қойылды, биыл жұмыс қолға алынады. Егер барлық үрдістер қазанға дейін аяқталса жақсы болар еді. Оның алаңы 28 га, қызанақ, қияр, көкөніс өсіріледі. Қазақстандық фирма табыс пен үлеске ден қойып отыр. 28 га дегеніміз 280 шаршы метр, 60 келіде шыбындар ұшатын болады, ал шыбын экологиялық тазалықтың белгісі. Бізге Қазақстанда жұмыс істеу өте ыңғайлы. Біз жұмыс істегіміз келеді», - деді Т.Намедынски.

Сондай-ақ, ол Павлодар облысындағы жоба туралы айтып өтті.

- Павлодар облысындағы жоба бойынша 30 бағыт бар, көкөніс өсіру, бау-бақша жұмысы, қорап шығару, көкөніс пен жеміс-жидектерді өңдеу және т.б. Сондай-ақ, фермерлерге, заңгерлер мен қаржыгерлерге қызмет көрсету бойынша 13 бағыт бар. Олар үшін біз Қазақстанда ұйымдастырғымыз келген фирмалар жұмыс істейді. Олар тек фермерлікпен айналысуы керек, - деді Т.Намедынски.

Қорытындысында ол Польша Еуроодақта экономикалық дамыту бойынша көш бастап тұрғанын айтты.

- Біз Еуроодақта экономикалық даму бойынша 7 жыл қатарынан бірінші орындамыз. Әлем бойынша ауыл шаруашылығы саласында да көш бастап тұрмыз, мәселен, алма, құлпынай, шампиньон, қарақат өнімдерін импорттау саласында қарқынды дамып жатырмыз. Санкциялардың жәрдемдескені баға өсіп, біз батысқа ауыстық, онда экологиялық таза өнімдерді жақсы қабылдайды, - деді ол.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтуде. Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтуде. Шараға бизнестің 450 өкілі келді. Оның ішінде қазақстандық және польшалық компания жетекшілері бар. Сондай-ақ, екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуданың келуі күтілуде.

Следующая →