Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға 30 млрд теңге бөлінбек
Қазақстанда 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін 28,6 млрд теңге бөлінген
Білім және ғылыми министрлігі гранттық қаржыландыруды 7 бағыт бойынша бөлуді жоспарлап отыр: табиғи ресурстарды пайдалану, геология, өңдеу, жаңа материалдар мен технологияларды ойлап табу; энергетика және машина жасау; ақпараттық, телекоммуникациялық, ғарыш технологиялары; денсаулық сақтау; «Мәңгілік ел» концепциясының негізі; ауыл шаруашылық кешенін дамыту; ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс ісі.
Биылғы жобаларға деген талаптар да күшейген. Есеп тапсыру да қиындай түскен.
Жобамен жұмыс жасайтын жетекшілердің 30 пайызы жастар болуы тиіс. Оның ішінде PhD докторанттар мен магистранттар енгізілген.