Түркия СІМ: Иракта азаматтық соғыс басталуы мүмкін
25 қыркүйек күні Иракда Күрдістанның тәуелсіздік алуына қатысты референдум өтпек. Ал бұл Иракта азамат соғысының басталуына себепші болуы мүмкін
Ал Түркияның Сыртқы істер министрлігі Ирандағы күрдтердің тәуелсіздік жариялауға ұмтылуы елдегі азамат соғысының өршуіне әкелуі мүмкін деп отыр.
- Бұл референдум Ирактағы жағдайды ушықтыруы мүмкін. Азаматтық соғыс та басталып кетуі ықтимал, - дейді Сыртқы істер министрлігі.
Ирактағы Күрдістан автономиясының басшысы Масуд Барзани 25 қыркүйек күні референдум өткізуге шешім қабылдаған болатын. Ал 1 қазан күні президенттік сайлау болуы мүмкін деп жорамал етілген еді.
Ал Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади мұндай референдумды өткізу ел Конституциясына қайшы екендігін ескерткен. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон да Барзаниге телефон шалып, референдумды кейінгі қалдыруды өтінген болатын.