Елде еңбекақының сатып алу деңгейі төмендеп келеді
Негізгі азық-түлік пен қызмет түрлерінің баға көрсеткіші қазақстандықтардың жалақыларынан әлдеқайда артық болып шықты
Ranking.kz сайтының есептеуінше, қазақстандықтардың жалақысы төмендеп келеді. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығындағы есептерге қарағанда, 2016 жылмен салыстырғанда жалақаның сатып алу мүмкіндігі 2,9%-ға төмендеген.
Ал қаңтар-наурыз айындағы еңбекақы 2%-ға төмендеген. Алайда ҚР тұрғындарының номиналды жалақысы 4,4%-ға өскен. Бірақ негізгі азық-түлік бағаларының өсуі әлдеқайда күштірек. Еңбекақының сатып алу мүмкіндігі төмендеп келеді.
Ағымдағы жылдың екінші кварталында Ақтөбе мен Маңғыстау тұрғындарының жалақылары ғана өскен. Ал Атырау облысындағы тұрғындардың еңбекақысы былтырдан бері 13,3%-ға төмендеген.