Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағанды облысында 6 электростанция салыну жоспарлануда

Қарағанды облысында жаңартылмалы және балама энергетиканы дамыту стратегиясы бар

2020-шы жылға дейін күн және жел арқылы жұмыс істейтін алты станцияны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің сайты.

Ол жайында облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық мәслихат сессиясы барысында мәлімдеді.

Елбасы алға қойған стратегиялық тапсырмалардың бірі жаңартылмалы және балама энергетиканы дамыту болып табылатынын баяндамашы еске салды. 2020-шы жылға дейін балама қуат көздерін пайдалану үлесі жалпы қуат пайдалану көлемінің 3%-ын құрауы тиіс.

- Қарағанды обысында 2020-шы жылға қарай жаңартылмалы және балама энергетика саласындағы алты жаңа нысанды іске қосу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Анатолий Шкарупа.

Жоспар бойынша қуаты 40-тан 100 МВт-қа дейін баратын үш күн электр станциялары Саран қаласында, Ақтоғай және Шет аудандарында салынады. Сонымен қатар қуаты 10 және 60 МВт екі жел электр станциялары Қарқаралы ауданында және Осакаров кентінде де салынбақ. Абай ауданының Құрма ауылында энергия биогаз құрылғысы арқылы өндірілетін болады.

Следующая →