Қазақстанда көкөніс бағасы біршама қымбаттады
Республиканың кейбір аймақтарында картоп бағасы 300 теңгеге, ал орамжапырақ бағасы 400 теңгеге дейін жетті
Мәселен, Павлодар қаласында сәбіздің бір килограмын 200 теңге, ал орамжапырақты 270 теңгеге сатып алуға болады.
Саудагерлердің айтуынша, былтырғы бау-бақша өнімдері таусылып қалған, соған байланысты көкөніс бағасы да қымбаттаған.
Қарағанды облысында 2016 жылы картопты 50 теңге сатып алуға болатын болса, биылғы жылы рекордтық бағаға ие болды – 400 теңге.
Саудагерлердің айтуынша, тұрғындар көкөністі бұрынғыдай көп көлемде ала бермейді. Көбі аздап қана сатып алатын болған.
Көкөніс бағасы тек жаңа бау-бақша өнімдері нарыққа шыққан уақытта ғана төмендейді деп күтілуде.