Қазақстанда жекешелендіру шарттары жеңілдетілді
Ұлт жоспарының 41-қадамын жүзеге асыру барысында мүлік пен қаржыны заңдастыру жолдары біршама жеңілдетілді
Жекешендірудің мақсаты - экономикаға қосымша заңды салық капиталдарын әкелу. Жекешелендіру заңы Қазақстан Республикасынан тыс жатқан мүлікті де заңдастыруға мүмкіндік береді.
Соған байланысты қазіргі уақытта жекешелендіру заңдылықтарына жеңілдіктер енгізілген. Мәселен, ақшаны заңдастыру барысында оның банк есепшотындағы сомасын көрсетсе де болады. Сонымен қатар, көрсетілген қаражатты кез келген мақсатта пайдаланса болады. Бизнес ашуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе есепшоттан шешіп алуға болады. Бұған жинақтың 10%-ын төлеу шарты да алынып тасталды.
Ал шетелдегі мүлікті заңдастыру үшін оның жалпы сомасының 10%-ын салық ретінде төлеу керек болады.
Қылмыстық істің, жемқорлық, адам еркіндігі мен құқығына, мемлекеттік ісіне қарсы жасалған қылмыстардың нәтижесінде жиналған қаржыны заңдастыруға тыйым салынған.