Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан келесі жылы қос спутник ұшырмақ

Озық технология атаулы отандық ғарыш саласында да кеңінен пайдаланылып келеді. Көп ұзамай топан су, түрлі зілзаланы ғарыштан бақылап, алдын ала біліп отыратын жағдайға жетеміз

Қазақстан келесі жылы соған мүмкіндік беретін қос спутник ұшырмақ. Саланың аяқалысын әріптесіміз Ердәулет Байдуллаев сараптап көрді, деп хабарлайдв khabar.kz сайты.

Шағын сары қорапша. Жүздеген желі жалғанған бұл құрылғы – ғарыш аппаратының бір бөлшегі.

Нақтырақ айтсақ, ол аспан кеңістігінде күн сәулесінен қуат алуға қолданылады. Мұны жасап жатқан өзіміздің мамандар.

-90 адам 2009 жылдан бері Ұлыбритания, Франция мен Германия елдерінде оқып қайтты. Инженерлер қазір өзімізде еңбек етуде. Олар 100 келіден 6 тоннаға дейінгі аппараттар құрастыруға қабілетті. Осылайша біз идеядан бастап оны қолданысқа бергенге дейінгі желіні іске қоспақпыз, - дейді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Вице-президенті Ербол Нұрсейітов.

Қазір оған қажетті нысан құрылысы салынуда. Ол 2018 жылы пайдалануға берілмек. Міне, сол кезде Қазақстан өзгелерге спутник жасап беруші елге айналады.

Қолданылатын материалдың 55 пайызы отандық болады. Ал 2017 жылы тағы екі спутник ұшыру жоспарлануда.

- Бірінші спутник – технологиялық спутник. Екінші спутник ол – ғылыми спутник. Оның салмағы – 3-5 келі. Ол да сол орбитаға ұшырылады. Сілкініс қашан болатынын болжау үшін жасалған, - дейді серіктестіктің бас директоры Баубек Оралмағамбетов.

Қазақстан қазір ғарыш саласы дамыған 30 елдің қатарына кіреді. Жоғарыда айтылған жоспар іске асса, бұл көрсеткіш жақсара түспек. 

Мамандардың дерегінше, қазірдің өзінде Орталық Азия мен Араб елдері қазақ мамандарына спутник жасатуға ниет танытқан.

Следующая →