ШҚО тергеушілер мен анықтаушылар бөлмесіне бейнекамералар қойылмақ
Қызметкерлер тергеушілер бөлмесіне бейнкамера қою арқылы құқық қорғау органдарының жұмысы барынша ашық болады дейді
Криминалды полицияның тергеу бөлмелеріне бейнекамералар орнатылмақ. Бұл ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жемқорлық әрекеттерін тиюға көмектесетін болады.
- Техникалық құралдарды қолдану жемқорлыққа қарсы әрекеттің басты құралы болып табылады. Қазірде полиция қызметкерлерінің жұмыс барысы бейнекамералармен бақыланбақ. Бұған бюджеттен 118 млн теңге бөлініп отыр. Бұл сомаға 380 бейнекамералар сатылып алынбақ, - дейді ШҚО ІІД басшысының орынбасары Ерлан Жұмаділов.
Ішкі істер департаментінде қазіргі уақытта 860 бейнекамера бар. Облыс әкімдігі қазірдің өзінде камераларды сатып алуға 62 млн теңге бөліп отыр екен.
Следующая →
Тақырыптар:
Работа правоохранительных органов в ВКО