Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда дизель отыны тағы да қымбаттайды

Дизельді отынды сату акциздері 2017 жылдың маусым айынан бастап тоннасына 9300 теңгеге дейін таңы көтеріледі

Дизель отынын сатуға акциздерді көтеру мерзімдерін осы жылдың маусым айының басына ауыстыру сәуір мен мамырда дизель отынына бағалардың күрт өзгеруін болдырмауға мүмкіндік берді,деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС.

Бұл шешім егін салу науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларды жеңілдікті отынмен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық өңірлерінде егін салу науқаны басталып кетті. Ірі ЖМҚС желілерінде дизель отынының бағасы қазіргі кезде литріне 135-136 теңгені құрайды. Бұл ретте аграрийлер үшін отын құны литріне 122-128 теңге деңгейінде белгіленген болатын. 

Сонымен бірге, «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 маусымынан бастап дизель отынын сатуға акциз мөлшерлемесі тоннаға 9300 теңгені құрайды. Акциздің ұлғаюы есебінен ғана көтерме бағаның ұлғаюы шамамен литріне 7,3 теңгені құрайды, бұл ЖМҚС желілеріндегі отын бағасына әсерін тигізеді. 

Акциз мөлшерлемесін өзгерту соның салдарынан отынның өткізулуі орын алатын, Қазақстан Республикасы мен көрші елдердегі дизель отыны бағаларының арасындағы айырманы төмендетуге бағытталған. Акциз мөлшерлемесі тұтынудың жоғары деңгейімен сипатталатын жаз мезгілінде ҚР нарығына жеткізілімдер үшін импорттың тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Реттеуші рөлге ие бола отырып, акциз мөлшерлемесінің кезеңдік өзгерісі бюджетке төленетін осы саланың түсімдерін арттыруға мүмкіндік туғызады. (Анықтама: Қазақстан жыл сайын шамамен 400-500 мың тонна дизель отынын импортқа шығарады). 

Дизель отыны мен бензиннің бағасын бірте-бірте теңестіру нарық тенденцияларының бірі болып табылады. Көптеген елдерде дизель отыны мен бензиннің бағасы бірдей. Мысалы, көрші Ресейде бұл мұнай өнімдерінің бағалары қайта есептегенде литріне 208-209 теңгені құрайды. 

Сонымен қатар, өндіру мен тұтыну көлемдерінің, қорлар динамикасының, ҚР нарығындағы мен РФ импортының көтерме бағаларының өзгеруі келешекте мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне бөлшек бағалардың, соның ішінде қымбаттау жағына қарай өзгеруіне әсер етуі мүмкін. 

Следующая →